Доллар бағамы 550 теңгеден асты. Төл валюта шілденің басынан бері 5,8% құнсызданды.

Бұл мәселені Ұлттық банк жедел зерттей бастады. Себебі теңгенің құлдырауына негіз жоқ. Керісінше, мұнай баррелі тұрақты түрде 70 доллардан асып тұр, оның үстіне әлемде АҚШ валютасы құнсызданады деген қауіп сейілген жоқ. Соған қарағанда теңгені алыпсатарлар әдейі құлатқан. Ұлттық банк шұғыл шара қабылдайтынын хабарлады.