Алматыда "Алматы жылу жүйесі" ЖШС "Қарызды төле — өсімпұлды алып тастаймыз!" атты акцияны бастайды. Бастама жылу және ыстық су үшін берешегін өтеуге ниетті тұтынушыларға айыппұлсыз төлеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Акция 2025 жылы 1 тамыздан 31 желтоқсанға дейін жалғасады және мынадай мүмкіндіктер береді: өсімпұлдан үнемдеу, мүлікке қойылған шектеулер мен тыйымдарды алып тастау, қарызы үшін санкция салынған борышкерлердің банк шоттарын бұғаттан шығару.
Акцияға қатысу үшін қажетті құжаттар туралы мәліметті борышкер АлЖЖ анықтама қызметінен мына телефон арқылы біле алады: 341-07-77; WhatsApp: +7 (701) 027-11-20 (тек хабарлама қабылдайды); электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. немесе тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының (ТҚКО) біріне барып ала алады.
ТҚКО мекенжайлары мен байланыс деректері:
— "Батыс" ТҚКО (Алатау, Әуезов, Наурызбай аудандарына қызмет көрсетеді) — "Ақсай-4" шағынауданы, 51-Б, телефондары: 341-05-30, 341-05-31, WhatsApp: +7 (701) 300-70-69, е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.;
— "Орталық" ТҚКО (Алмалы, Бостандық аудандары) — Ш.Шөкин көшесі, 221-В, телефондары: 341-05-28, 341-05-29, WhatsApp: +7 (701) 300-70-65, е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.;
— "Шығыс" ТҚКО (Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандарына қызмет көрсетеді) — Төлебаев көшесі, 26, телефондары: 341-05-32, 341-05-33, WhatsApp: +7 (701) 300-70-54, е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..
Қарыз төленбеген жағдайда борышкерлер жылумен жабдықтау қызметінен ажыратылып, қарыз сомасы сот арқылы өндіріледі.