Италияның Авеллино және Беневенто провинциялары арасындағы аумақта магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Жерасты дүмпуі Ирпиниядағы Бонито қаласынан 3 шақырым қашықтықта, 17 шақырым тереңдікте тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты volcanodiscovery.com ұсынған ақпаратқа сілтеме жасап.

Эпицентрге ең жақын орналасқан елді мекендер – Авеллино провинциясындағы Мелито-Ирпино, Гроттаминарда, Мирабелла-Эклано және Фонтанароза қалалары, сондай-ақ Беневенто провинциясындағы Апиче қаласы.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ.