Астанада 1 тамызда әйгілі америкалық әнші, актриса Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Осы күні концерт өтетін жерге арнайы автобустар қатынайды, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, қала тұрғындары мен қонақтарының концерт өтетін орынға ыңғайлы жетуі үшін және көлік кептелісін азайту мақсатында шаттл-маршруттар ұйымдастырылады.

Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап қатынап, жолаушыларды қаланың бес нүктесінен "Астана Арена" стадионына жеткізеді және концерт аяқталғаннан кейін қайта алып кетеді.

Концертке келушілер арнайы автобустарға мына автотұрақтардан отыра алады:

  • Астаналық цирк автотұрағы;
  • "Әзірет Сұлтан" мешітінің автотұрағы;
  • QAZAQSTAN спорт кешенінің автотұрағы;
  • Орталық саябақ (Тұран даңғылы жағынан) автотұрағы;
  • "Бас мешіт автотұрағы.

"Кептеліс пен автотұрақтағы қиындықтардың алдын алу үшін фестиваль көрермендері қоғамдық көлікпен, таксимен немесе арнайы шатлл-автобустарымен қатынағаны жөн", — деп ескертті әкімдік өкілдері.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз