Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз бұл кезеңде АҚШ өкілі Хейли Баптистпен өзара мықтыны анықтады.

Матч 1 сағат 13 минутқа созылып, Рыбакина жалпы есепте 6:4, 6:3 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Келесі айналымда отандасымыз румыниялық Жаклин Кристианмен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіліп қалған еді.