АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметіне үміткер Джули Стафф Қазақстанның стратегиялық маңызын атап өтті
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сенаттағы тыңдау кезінде Стафф Америка Құрама Штаттарының ұлттық қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылығы үшін аса маңызды деп танылған пайдалы қазбалардың жартысына жуығы Қазақстан аумағында орналасқанын айтты.
Қазақстан біз үшін тек бизнес-серіктес емес, сонымен қатар стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбалар саласындағы ынтымақтастықтың да рөлі зор. Бұл тек сауда немесе саясат мәселесі емес, бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі, – деді ол.
Оның сөзінше, АҚШ тарапы қазақстандық пайдалы қазбалар саласына америкалық компаниялардың инвестиция салуына қолайлы жағдай жасауды көздейді. Бұл – Вашингтон үшін тек экономикалық емес, геосаяси маңызы бар қадам.
Қазақстан – сенімді әріптес
Стафф өз сөзінде АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін қолдауға ниетті екенін жеткізді. Бұл ел экономикасын әртараптандырумен қатар, көлік-логистикалық әлеуетті арттыруға да ықпал етеді.
Бүгінде Қазақстаннан шығатын тауарлардың басым бөлігі Ресей арқылы өтеді. АҚШ болса, балама бағыт қалыптастыруға көмектескісі келеді, – деді дипломат.
Оның айтуынша, бұл бағыттағы ынтымақтастық тек экономикалық емес, ұлттық қауіпсіздік мүддесіне де сай келеді.