Қосшыда болған оқиға желідегілерді шулатты: әйел енесінің алтын жүзігін ломбардқа өткізіп, құрбысына берген қарызын жапқан.
Бірақ артынан бұл әрекетін жасыру үшін үйін әдейі астан-кестен етіп, «ұрылар тонап кетті» деп полицияға хабар берген.
Құқық қорғау органдары шындықты анықтағанда, әйелдің бәрін қолдан ұйымдастырғаны белгілі болды. Ол қылмыс жасалғаны туралы өтірік айтқаны үшін Қылмыстық кодекстің 419-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.
Прокуратура мұндай жалған хабарлама үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.
Айласы ашылған келін — қоғамда қызу талқыланып жатыр.