18 тамыз күні сағат 11:00-де Шерзат Полат пен өзге де сотталғандарға қатысты апелляциялық сот отырысы өтеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ресми түрде хабарланды.
Еске салайық, бірінші инстанцияның үкімі 21 маусымда заңды күшіне енген болатын. Алайда сотталғандар белгіленген мерзімде апелляциялық шағым түсірген. Сол істің фигуранттарының бірі – Д.К.Ысқақ қамаудан босатылды. Сот оның бұлтартпау шарасын жойған.
Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл іс қайта қаралмақ.