Некеге тұруға мәжбүрлеу – адамның еркінен тыс, қысым көрсету немесе күш көрсету арқылы неке қию. Мұндай әрекет адам құқығын өрескел бұзу болып табылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылдың 30 шілдесінде Маңғыстау облысының прокуратурасы қазақстандықтардың есіне салды:
Бұл жағдай адам құқығын өрескел бұзу болып табылады.
2025 жылдың 16 шілденде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру-жетілдіру бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.
Заң күшіне енгеннен кейін, Қылмыстық кодексте неке қиюға мәжбүрлегені үшін жаңа 125-1 бап тәжірибеге енгізіледі.
Аталған бапта 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
"Қыз баланы оның келісімінсіз ұрлау дәстүр емес, қылмыс екенін азаматтарға ескертеміз", – деп атап өтті Маңғыстау облыстық прокуратурасы.
Неке — екі адамның еркін және саналы келісімімен құрылуы тиіс. Азаматтарға келісімсіз қыз алып қашудың дәстүр емес, қылмыс болып табылатынын ескертеміз, -деді прокурорлар.