Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті вейп пен оларға арналған сұйықтықтар, дәмқосқыштардың заңсыз айналымымен айналысқан топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, тыйым салынған өнімді сату Telegram мессенджерінде ESCOBAR OPTOM атауымен жүргізіліп, курьер арқылы жеткізіліп отырған.
Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қоймалар мен сату нүктелері анықталды.
"Тінту барысында 150 мыңнан астам вейп тәркіленді, олардың сатылымынан түсетін табыс 1 млрд теңгеден асып кетуі мүмкін еді. Бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таралған. Көлеңкелі бизнестің ұйымдастырушылары вейптерді әдейі жасөспірімдерге жеткізіп, олардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндірген", — делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз