Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жоғалған Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағын із
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жоғалған Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағын іздеу жұмыстарының барысымен жеке танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов қорғаныс ведомствосының басшысын Сорбұлақ көліндегі іздестіру жұмыстарының барысынан хабардар етті, ондағы табиғи және техногендік ерекшеліктер барынша техникалық жарақтандыруды және операцияға қатысушылардың іс-қимылдарын нақты үйлестіруді талап етеді.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
«Іздеу жұмыстарына су асты рельефі мен түбінің шөгінді, тереңдігінің өзгермелі және судың лай болуы кедергі келтіруде. Алайда, 25 шілдеде жоғалып кеткен Әуе қорғаныс күштері EC-145 тікұшағының бортында болғандардың қай жерде екенін анықтау бойынша ауқымды іздеу-құтқару операциясы күндіз де, түнде де тоқтамайды», – деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы.