Астана мен Қазақстанның 16 облысында 30 шілдеде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні -15-20 м/с. Өңірде 30-31 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 31 шілдеде найзағай ойнайды деп күтіледі. 30-31 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 30 шілдеде найзағай ойнап, батыстан соққан желдің кей уақытта екпіні 18 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 30 шілдеде кей уақытта найзағай ойнап, солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 18-23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 30 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндізгі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда 30 шілдеде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндізгі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 30 шілдеде күндіз найзағай ойнап, солтүстікт-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-18 м/с.
Түнде және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады, сондай-ақ облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 30 шілдеде таңертең және күндіз найзағай ойнап, күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзайғай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 30 шілдеде найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында солтүстіктен батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 30 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 30 шілдеде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.
Түнде Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында да найзағай ойнап, бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 30 шілдеде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15-18 м/с.
Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 30 шілдеде күндіз найзағай ойнап, оңтүстіктен жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, облыстың шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болып, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 30 шілдеде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстіктен жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Петропавлда 30 шілдеде күндіз кей уақытта жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 30 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15- 20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда да 30 шілдеде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 30 шілдеде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Астанада 30 шілдеде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның үш ірі қаласы бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.