Іздеу-құтқару жұмысына ТЖМ тікұшағы, құтқару қызметі, ТЖД Арнайы апат-құтқару қызметі , Республикалық жедел-құтқару жасағы, кинологтар мен еріктілер тартылған. Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, екі тәулікке жуық іздестірілген 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәйіт табылған орынға баратын жолда мұздықтар бар болғандықтан, құтқарушылардың көтерілуі мен түсуі шамамен 5 сағатқа созылған. Қазір оқиға орнында Алматы қаласының полиция департаментінің қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің психологы жұмыс істеп жатыр.

«Іздеу-құтқару жұмыстарына ТЖМ тікұшағы, 50-ден астам құтқарушы мен ерікті, 8 ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон), 8 техника, 3 кинологиялық есеп жұмылдырылды», деп хабарлады ТЖД.