Ақмола облысының Зеренді ауданындағы туристік база масқара жағдайға куә болды. Өздерін облыстық қол күресі федерациясының бапкерлері деп таныстырған бірнеше ер адам түн ортасында ішімдік ішіп, демалушылардың бөлмелеріне баса-көктеп кірмек болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әйелдер мен балаларды қорқытып, боқтық сөз айтқан олар база әкімшілігінің ескертуіне құлақ аспаған. Полиция келген кезде де тынышталудың орнына, тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, әбден есірген.
Оқиғаның бір бөлігі видеоға түсіп, әлеуметтік желілерге тарап кетті. Куәгерлердің айтуынша, камераға түспеген сәттер одан да сорақы.
Полиция департаменті бұл жағдай 17 шілдеде болғанын растады. Ең агрессивті адамның үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы үш бап бойынша хаттама толтырылып, сот шешімімен ол қамауға алынды.
Желі қолданушылары: «Мұндайлар жастарға қалай тәрбие береді?!», – деп ашуға булығып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от @anticor_media_center