Жігіт екі тәулікке жуық іздестірілді .
Алматы тауларында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
"Бүгін "Молодёжный" шыңында жоғалған жас жігіттің мәйіті табылды. Жігіт екі тәулікке жуық іздестірілді. Іздеу-құтқару операциясына Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы, құтқару қызметі, ТЖД арнайы апат-құтқару қызметі, Республикалық жедел-құтқару жасағы, кинологтар мен еріктілер тартылды", – делінген хабарламада.
Мәйіт табылған орынға баратын жолда мұздықтар бар болғандықтан, құтқарушылардың көтерілуі мен түсуі шамамен 5 сағатқа созылған. Қазір оқиға орнында Алматы қаласының полиция департаментінің қызметкерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің психологы жұмыс істеп жатыр.
"Іздеу-құтқару жұмыстарына ТЖМ тікұшағы, 50-ден астам құтқарушы мен ерікті, сегіз ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон), сегіз техника, үш кинологиялық есеп жұмылдырылды", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті: іздестіру жұмыстары басталды