Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтар азаматтарды адастыру және олардың ақшалары мен жеке деректеріне қол жеткізу үшін түрлі психологиялық әдістерді қолданатынын еске салады .

Тәуекел аймағында барлық әлеуметтік топтардың өкілдері: студенттер, зейнеткерлер, жұмыс істейтін азаматтар, инвесторлар болады. Білім деңгейі немесе кәсіби дайындығы алаяқтық схемалардан үнемі қорғай бермейді. Қаскүнемдер сценарийлерді мұқият ойластырады, нақты бір адаммен қатынас орнатуды әдейі ұйымдастырады және әлеуметтік инженерия әдістерін белсенді түрде қолданады.

Кең таралған әдістердің бірі — адамды алаңдатып, үрей тудыратын жағдай жасау. Азаматтардан "шұғыл ақша аудару", "әйтпесе сіз мүмкіндікті өткізіп аласыз", "операцияны шұғыл түрде растау керек" деген сияқты жағдайларда дереу шешім қабылдауды сұрайды. Уақытты жоғалту сезімі немесе "жіберіп алған пайда тәуекелі" деп аталатын сезім салдарынан адам не болып жатқанын сыни тұрғыдан бағалау қабілетін жоғалтады және автоматты түрде әрекет етеді.

Тағы бір жиі қолданылатын әдіс — эмоцияналдық қысым жасау. Алаяқтар қорқыныш, жанашырлық немесе сенім сезімдерін оятады. Мысалы, сіздің немесе жақындарыңыздың рұқсат етілмеген банктік операция жасағаны, заңнаманы бұзғаны туралы хабарлайды, "қиындыққа тап болған туысқаныңызға" көмек көрсетуді сұрайды немесе оңай табыс табуды ұсынады. Эмоционалдық көңіл күй адамның дұрыс ойлауына кедергі келтіреді.

Жәбірленуші болмас үшін сақ болу, интернеттегі бейтаныс адамдарға сенбеу, жеке мәліметтер мен карта деректемелерін бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және ақпаратты үнемі тек ресми арналар арқылы тексеру маңызды.

Кез-келген күмән туындаған жағдайда, әңгімелесуші өзін ресми тұлға — құқық қорғау органдарының, министрліктердің немесе реттеушінің өкілі ретінде көрсетсе де, әңгімені тоқтату керек. Есіңізде болсын — ешқандай қаржылық және құқықтық мәселелер телефон арқылы немесе мессенджерлер арқылы шешілмейді.

Жағдайды асықпай ойланып бағалау және эмоционалды шешімдерден бас тарту — қаржылық және цифрлық қауіпсіздіктің негізі болып табылады.