Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифингте күнтізбеге Энергетиктер күнін белгілеу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл сұрақты журналистер көтерді. Тілшілер мұндай кәсіби мерекенің күнтізбеде пайда болуы қаншалықты мүмкін екенін сұрады.
"Бүгінгі таңда біз Энергетиктер күні (белгілеу — ред.ескертпесі) бойынша жұмыс істеп жатырмыз, мәселе бұйрықты бекітуге қатысты. Жоба Әділет министрлігінде қаралып жатыр. Жақын арада келіссек, күнді бекітеміз, ол күн – 22 желтоқсан", — деді Асқар Биахметов.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз