Мемлекет басшысының Түркия Республикасына ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылдың 29 шілдесінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның достығы нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізді.

Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.

Еске сала кетейік, 28 шілдеде Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының "Есенбоға" әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды.