Ақтауда түн ішінде жүк көлігімен қаланың қақ ортасында жүйткіген жүргізуші ұсталды. Құқық қорғаушылардан қашпақ болған пысықай көшелерде қойылған арнайы кедергілерді бұзып өтіп, жүргінішілердің өміріне қауіп төндірді.
Ақыры қолға түскен ер адамның ішімдікке сылқиып алғаны белгілі болды. 35 жастағы жүргізушіге қатысты 10 әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.
Сержан Түйешиев, ПБ Патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы:
- Жүргізуші полиция қызметкерлерінің тоқтату талабын орындамады. Сол себепті көлікті бізге мәжбүрлі түрде тоқтату керек болды. 15 жылдан артық жұмыс барысында өзім атқарып келген, ондай оқиға кездесіп көрген жоқ. Қазіргі таңда ол масаң күйі таралып, өзінің жасаған іс-әрекетіне өкініп отыр.