2025 жылдың 23 мамырында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымындағы тұрақты өкілін тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа қызметке Түркиядағы қазіргі елші Еркебұлан Сәпиев келді.
"Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.