АҚШ Президенті Дональд Трамп Украинада бітімге келу үшін Ресейге берілген 50 күндік мерзімді қысқартады.
Бұл туралы ол Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен кездесуінде мәлімдеді. Сондай-ақ ол Украинадағы жағдайды реттеуде алға жылжу байқалмайтынын жеткізді. 14 шілдеде АҚШ Президенті Мәскеуге Киевпен бейбіт келісімге келуге талап қойған еді. Ол орындалмаса, Ресейден келетін импортқа 100% кедендік тариф енгізіп, мұнай, газ және өзге де энергия көздерін Мәскеуден сатып алатын елдерге қосымша баж салығын салатынын ескерткен еді.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
-Мен бұл 50 күндік мерзімді қысқартамын деп шештім. Бұлай жалғаса берсе, мұның арты неге әкеп соғатынын жақсы білемін. Сол себепті осылай әрекет тура келеді. Өйткені Ресейдің Киевті атқылауы тоқтар емес.