Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының «Есен-боға» әуежайында бауырлас елдің басшысы Реджеп Тайип Ердоған қарсы алды.
Президентті күтіп алу үшін трап алдында құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Ал ертең тараптар келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды. Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-отырысын өткізеді деп жоспарланған.