2023 жылдың күзінде «Асар Үме» қоғамдық қоры Газа секторындағы мұқтаж жандарға көмек жіберу мақсатында қайырымдылық науқанын бастады. Қордың бастамасымен барлығы 293 миллион теңге жиналған. Соның 200 миллионы Перизат Қайраттың қорына аударылғаны белгілі болды, деп жазады Skifnews .kz ақпарат порталы.
Қоғамдық қордың президенті Асхат Нұрмашев бұл туралы былай дейді:
«25 қазанда бір жігіттер жанашырлықпен сбор ашқан болатын. Шатаспасам, 82 млн теңге жинаған олар. Сол ақшаны Перизат Қайратқа аударды. Перизатпен сол кезде байланыстамыз. Перизат оның алдында Араб Әмірліктерін билеуші отбасымен байланыстамын дейтін. Фото, видео бар. Маған да көрсететін. Мына шейхтың алтыншы баласы. Онымен араласамын деп айтып жүретін».
Алайда бұл қаражат діттеген мұқтаждарға жетпегені туралы ақпарат тарады. Қоғам арасында осы жайтқа байланысты үлкен сенім дағдарысы туындап отыр. Әсіресе, әлеуметтік желіде пікір қалдырғандар Перизат Қайраттың әрекетіне күмәнмен қарап отыр.
Ал әлеуметтік желіде түрлі пікір қалдыруда:
@gulfairuz_seitzhankyzy: «Бұл қыздың артында “көрінбейтін” мықты біреу тұрған сияқты ғой! Шабақты да, акуланы да ұстау керек қой!», @karataevaaygerim: «Мына кісінің көзі күмән тудырып тұрды бірінші сұхбаттан-ақ… Алла кешірсін, қателесіп болсам ????» @damyeli_b: «Қазақтың не теңі шетелге көмек беру, өз халқы аш-жалаңаш…»