Опера әншісі Әйгерім Алтынбек Италияның Портофино қаласында өткен халықаралық ән байқауында бас жүлдені алып, тарихи жеңіске қол жеткізді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әйгерім Алтынбекке құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл жарқын жеңісті «ел мәдениетін әлемге танытқан елеулі оқиға» деп атап, өнерпаздың әлі талай биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді. Әнші, сондай-ақ «көрермендер көзайымы» жүлдесін, «ең үздік әйел дауысы» номинациясын және Карло Майер атындағы арнайы сыйлықты иеленді. Бұған дейін мұндай жетістікке Орталық Азиядан ешбір өнерпаз қол жеткізбеген.
Дархан Рақымжан