Шығыс Қазақстан облысындағы Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 5-сыныпты өрт қаупінің тұрақты түрде орнауына байланысты азаматтардың бұл аумақта жүруіне шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 28 шілде күні парк әкімшілігі ресми түрде мәлімдеді.
"Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орман өрттерінің 5-сыныпты төтенше өрт қауіптілігі тұрақты түрде қалыптасуына байланысты, Өрт қауіпсіздігі ережелерінің 17-тармағы, 9-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың жүруіне шектеу енгізіледі", — делінген хабарламада.
Парк әкімшілігі азаматтарды ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.