Алматыда BRT жобасы аясында жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шектеу 29 шілде күні сағат 08:00-ден бастап 30 шілде сағат 21:00-ге дейін болады. Жол Сәтбаев көшесінен бастап Абай даңғылына дейінгі аралықта жабылады.
Almaty_Joly Telegram-арнасының мәліметінше, жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.
Бұған дейін Алматының Түрксіб ауданында Лавренев көшесінің бір бөлігінде де жол қозғалысына ішінара шектеу қойылатыны хабарланған еді.