Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші ұсыну ережелеріне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңа өзгерістерге сәйкес келер жылдан бастап зейнеткерлік жасқа жеткен қазақстандықтар өздерінің мүгедектігі бар жұбайларына жеке көмекші бола алады.
Сонымен қатар бірінші топтағы мүгедектігі бар адам мен оның жеке көмекшісі бір елді мекенде тұруы міндетті болады.
Айта кетейік, Қазақстанда мүгедектік белгілеу рәсімін жеңілдету мақсатында пилоттық жоба іске қосылған еді. Ол аяқ-қолдың болмауы, Даун синдромы және балалардағы мукополисахаридоз диагноздарына қатысты жағдайларды қамтиды.