Жамбыл облысының Полиция департаменті танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы зардап шеккен жол апатына қатысты видео жариялады, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

27 шілдеде сағат 08:50 шамасында республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тасжолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 маркалы көлігінің жүргізушісі Қарағанды облысынан Алматы қаласына қарай келе жатып, тізгінге ие бола алмай, жол апатына ұшыраған.

Жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді.

"Бұл дерекке қатысты "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғуы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды", — деп жазылған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ (@zhambyl_police)

Еске салайық, бұған дейін Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы ауруханадан шығарылғаны хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!