Астана қаласындағы №2 облыстық ауруханада жүкті әйел медициналық көмекті дер кезінде ала алмай, сәбиінен айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға бірнеше күн бұрын болған. Әйел адам ауруханаға түсік тастау қаупімен түскен. Алайда бүгін жағдайы күрт нашарлап, қатты қан кете бастаған.

Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем қажет болғанына қарамастан, алғашқы медициналық көмек 1 сағат 45 минуттан кейін ғана көрсетілген. Осы уақыт ішінде әйел қансырап жатты. Соңында бұл баланың шетінеуіне алып келген.

Мекеме өкілдері аталған жайт бойынша қызметтік тергеу басталғанын хабарлады. Нәтижесінде жауапты тұлғаларға шара қолданылмақ