« Жайық » Чемпиондар Лигасыда топ жарды.

Батыс Қазақстан облысының волейбол клубы Орталық Азия үздіктері арасындағы жарыста жеңіске жетті. Байрақты бәсеке Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында болды. Оған 5 елдің командалары қатысты. Виктор Козик жаттықтыратын қазақстандық клуб жарыс барысында 6 матч өткізіп, барлығында дерлік айқын басымдықпен ұтты. Атап айтқанда, Шри-Ланка, Непал, Мальдив және Қырғызстан командаларын жеңді. Жарыс қорытындысы бойынша, «Жайық» сапындағы Виталий Эрдштейн «үздік ойыншы» деп танылды. Бұған қоса Володимир Ковальчук «үздік байланыстырушы», ал, Владимир Прокофьев «үздік шабуылшы» аталымдары бойынша жоғары нәтиже тіркеп, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Азия чемпионаты: жалпы есепте үшінші орындамыз

Қоржынымзыда 11 медаль. Оның үшеуі – алтын. Малайзияның Кучинг қаласында таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстанадық қыз-жігіттер 11 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе 42 келідегі Айым Серікбаева, 68 келідегі Аружан Найманбаева және 45 келідегі Бунед Бахрамқұлов алтын жүлде жеңіп алды. Айта кету керек, қазақстандық спортшылар араға 20 жыл салып Азия чемпионы атанып отыр. Яғни соңғы рет 2005 жылы Алматыда өткен құрлықтық додада Давранбек Ризаев қана алтыннан алқа таққан болатын. Енді араға ұзақ уақыт салып, қайтадан біздің өрендер топ жара бастады. Бұдан бөлек, Нұрболат Жаңбыров және Жалғас Бекқасымов жаттықтыратын таэквондо шеберлері 1 күміс және 7 қола жеңіп алды. Соның арқасында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орынға жайғасты. Топ басында осы спорттың тарихи отаны саналатын Оңтүістік Корея тұр. Алдыңғы бестікке Иран, Қытай және Тайланд құрамалары кірді.

Б. Сәрсекбаев: ең үздік боксшыларды іріктеп алдық

Әр салмақ бойынша жекпе-жектер жасап, ең үздік боксшыларды іріктедік. Жастар құрамасының аға бапкері Бақыт Сәрсекбаев Азия чемпионатына дайындық жайында айтып, жоспарымен бөлісті. Құрлықтық жарыстың өзі бірер күннен кейін Тайланд астанасы Банкок қаласында болады. Айта кету керек, бұл World Boxing ұйымының жастар арасындағы алғашқы ресми бәсекесі. Сәйкесінше, World Boxing ұйымы бекіткен жаңа салмақ дәрежелері бойынша өтеді. Оған 26 елден 400-ге жуық спортшы қатысады. Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жаттықтыратын ұлттық құрама тыңғылықты дайыналды. Қазақстанда және Қырғызстанда жаттығу жиындарын жасады. Оның барысында әр салмақтың үзіктерін жекпе-жектер арқылы анықтады. Нәтижесінде Нұрзат Оңғаров, Бексұлтан Боранбек, Нұрислам Қалдыбаев, Илья Калинин, Нұрбек Мұрсал, Аман Қонысбеков, Санжарәлі Бегалиев, Азатбек Жолдасхан, Темірлан Мұқатаев және Нұрасыл Асылхан сияқты жігіттер ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.