Transfermarkt мәліметінше трансфер құны 2,8 миллион еуроны құрайды.

Мәскеулік “Динамо” өздерінің әлеуметтік желілерінде Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтың Түркияның “Бешикташ” клубынан ауысқанын ресми түрде хабарлады.

27 жастағы футболшымен келісім-шарт 2029 жылдың жазына дейін жасалды.

Бахтиер Зайнутдинов Ресей жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол бұған дейін Премьер-лигада “Ростов” пен Мәскеудің ЦСКА клубтарында ойнаған. Қазақстанда Зайнутдинов “Тараз” және “Астана” командаларының намысын қорғаған.

Айта кетейік, өткен маусымда жарақатына байланысты Зайнутдинов Түркияда "Бешикташ" құрамында тек 12 кездесуге қатыса алды.