Бұл туралы Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрлігі хабарлады.

Қырғыз Республикасында жаңа әнұранның мәтіні жазылған 5 нұсқа таңдалды. Енді мемлекеттік әнұранның жаңа мәтініне сәйкес ән жазылмақ. Көрші елде осыған байланысты байқау жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.kg порталына сілтеме жасап.

Байқаудың екінші кезеңінде осы 5 мәтінге композиторлар мен әншілер өздерінің жазған музыкаларын ұсынуы тиіс.

Байқау 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал, комиссия Жоғарғы кеңестің қарауына 3 әнұран нұсқасын жібереді.

Айта кетейік, ақпан айында Қырғызстанда жаңа әнұранға байқау жарияланды. Байқауға Қырғызстан өз елінен бөлек, көрші елдің сазгерлері, ақындары, музыканттары қатыса алатынын мәлімдеген болатын.

16 маусым мен 17 шілде аралығында 79 азамат 132 жобаны жазбаша және электронды пошта арқылы жіберген.