ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы оқиға орнына аттанды.

Алматы тауларында аяғын қайырып алып, жүре алмай қалған 21 жастағы жігіт құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Алматы қаласының Медеу ауданы аумағындағы Көк Жайлау шатқалында жас жігіт аяғын жарақаттап, өз бетінше жүре алмай қалғаны туралы хабарлама келіп түсті", – деп жазылған хабарламада.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы оқиға орнына аттанды. Құтқарушылар Ақбұлақ (Просвещенец) ауданынан Көк Жайлауға жаяу бағыт алды. Олар зардап шеккен азаматқа жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.


Оқи отырыңыз: Алматы облысында парапланмен ұшқан әйел шатқалға құлап кетті


Аяғын қайырып алған 2004 жылы туған азаматты құтқарушылар БАО постына қарай тасымалдап, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. ТЖМ таулы жерлерде серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға, ыңғайлы аяқ киім киіп, ауа райын алдын ала қадағалауға кеңес берді.