Алакөл ауданы, Көкмойын шатқалында теңіз деңгейінен 2600 метр биіктікте орналасқан таулы аумақта құрғақ шөптің жануын жою жұмыстары тоқтаған жоқ.
ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" МИ-8 тікұшағы арқылы "Қазавиорманқорғау" қызметкерлерін қоса алғанда, қосымша құтқарушылар тобы десант ретінде түсірілді. Қону төменірек орналасқан, еңісі жайдақ таудың етегінде жүзеге асты, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Бұл қадам өрттің сол жақ қапталындағы сөндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған. Өртті сөндіруге 100-ден астам жеке құрам және 11 бірлік техника жұмылдырылған.
Әуеден сөндіру үшін су төгу құрылғысымен жабдықталған "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-8 тікұшағы тартылып, 50 тоннадан астам су төгілді.
Өртті сөндіру жұмыстары арнайы техниканың кіруі қиын таулы жер бедерінде жүргізілуде. Жұмыстар жалғасуда.