Бүгін Алматы маңындағы тауларда тағы да өрт шықты. Бұл жолы Ақсай шатқалында қураған шөп жанған. Бұл бір аптадағы екінші өрт, деп хабарлайды ТЖМ.

"Өрт Алматы облысы Қарасай ауданының Көклайсай саяжайлары ауданында шыққан. Өрттің ауданы анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Жақын маңдағы саяжай учаскелерінің тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. Қазіргі уақытта тұрғын үйлер мен іргелес аумақтарға өрттің таралу қаупі жойылды.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ № 28237 әскери бөлімінің күштері мен құралдары, сондай-ақ Мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлері дереу жіберілді. Барлығы 150- ден астам адам мен 20 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт сөндіру жергілікті жердің күрделі рельефімен және ауа-райы жағдайларымен күрделенуде, алайда өртті жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Өрт сөндіруге қосымша ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" су ағызу құрылғысы бар Ми-8 тікұшағы тартылды", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз