Семсерлесуден Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Руслан Құрбанов 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
1/16 финал кезеңіне дейін екі қазақстандық спортшы жетті. Алайда бұл кезеңде Вадим Шарлаимов бельгиялық Нейсер Лойолаға 8:15 есебімен есе жіберді.
Ал Руслан Құрбанов украиналық Роман Свичкардан 10:9 есебімен басым түсті.
Ширек финал жолдамасы үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшы Беларусь өкілі Марк Семоненкомен кездесетін болады.