Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында ішінде төрт адам болған қайық аударылып кетті, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.
Абырой болғанда, оқиға орнына жақын маңда жүрген балықшы мән-жайды байқап қалып, суға құлаған азаматтарды өз қайығына отырғызып, алғашқы көмек көрсеткен.
Кейін оқиға орнына жеткен құтқарушылар туристерді катерге ауыстырып, аман-есен жағаға шығарды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болмаған.