Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 12-ракеткасы) АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің финалына өте алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жекелей сында жартылай финалда Рыбакина Канада өкілі Лейла Фернандеске (әлемнің 36-ракеткасы) үш сет қорытындысы бойынша жеңіліп қалды – 7:6, 6:7, 6:7.
Матч үш сағат 16 минутқа созылды. Елена матч кезінде 17 эйс жасап, 7 қос қате жіберіп, 5 брейк-пойнттың тек біреуін ғана пайдалана алды.
Енді финалда Лейла Фернандес Анна Калинскаямен (Ресей) кездеседі.