Ақтөбеде мешіт жанында келушіге тиіскен ер адам жауапкершілікке тартылды, деп жазады Polisia.kz.
25 шілдеде Ақтөбе қаласындағы "Нұр Ғасыр" мешітінен шығатын жерде белгісіз ер адам келуші қыздың жолын бөгеп, әдепсіз астары бар сөздер айтқан. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланған.
"Ақтөбе облысы полиция департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ер адамның жеке басы анықталды. Мән-жайды анықтау үшін ол ішкі істер органдарына жеткізілді.
Құқықбұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оған мұндай әрекеттерге жол бермеу керектігі жөнінде қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігіне (Қоғамдық орында тиісу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды", — делінген хабарламада.
Материал сотқа жіберілмек.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз