Ақтөбе қаласындағы орталық мешіт ішінде келушіге тиіскен ер адамды полиция бөлімшеге жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 25 шілде күні Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінде болды.

- Шығаберіс есік алдында ер адам келуші қыздың жолын бөгеп, әдепсіз астары бар сөздер айтқан. Аталған оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Ер адамның кім екені анықталды. Мән-жайды анықтау үшін ол ішкі істер органдарына жеткізілді. Құқықбұзушыға түсіндіру жұмысы жүргізілді. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабы 2-бөлігіне (Қоғамдық орында тиісу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберіледі, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.