Иранның оңтүстік-шығысындағы Захедан қаласында сот кеңсесіне жасалған қарулы шабуыл салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 13 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Fars агенттігінің хабарлауынша, содырлар бейбіт тұрғындарға да ретсіз оқ жаудырған. Опат болғандардың арасында бір әйел мен жаңа туған сәби де бар.

"Оқыс оқиға барысында үш лаңкестің көзі жойылды. Бірқатар азаматтар мен олардың мүлкіне залал келді", делінген агенттіктің хабарламасында.

Кейбір жаралылардың жағдайы ауыр екені де айтылады. Куәгерлер қаскөйлердің алдымен ғимарат ішінде оқ жаудырғанын жеткізген.

Footage showed the first moments of clashes between IRGC Quds forces and terrorists attacking the courthouse in Zahedan. pic.twitter.com/U5vQedASaf

— Tehran Times (@TehranTimes79) July 26, 2025

Бұған дейін Иран Ормуз бұғазын жауып тастаса, мұнай бағасы 90 долларға дейін көтерілуі мүмкін екенін жазғанбыз.