Петропавлда жатақханалардың бірінен өрт шықты. ТЖМ құтқарушылары өрттен 42 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Нұрсұлтан Назарбаев көшесінде орналасқан бес қабатты жатақханада пәтерлерінің бірінен шыққан. Өрт ғимараттың екінші қабатындағы бөлмелердің бірінде болды.

"ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 42 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады, көрші бөлмелерге өрттің таралуына жол бермеді. Өрт шағын алаңда сөндірілді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Төтеншеліктер ел азаматтарына электр сымдарының жай-күйін қадағалап отыру, токты қосулы қалдырмау және жарамды электр құралдарын пайдалану керектігін ескертеді.

Бұған дейін Алматыда тау бөктері отқа оранып, алапат дала өрті болғанын жазғанбыз.