Бублик финалда жеңіске жеткен жағдайда әлемдік рейтингте 24-сатыға көтеріледі.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингіде 103-орында тұрған нидерландылық Ботик ван де Зандсхулппен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда есеп 3:2 болған мезетте Бублик брейк жасап, сосын өз мүмкіндігін жібермеді – 6:3. Есесіне екінші сетте Зандсхулп 3:0 есебімен алға шықты. Дегенмен Бублик қайыра екі брейк жасап, ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.
Александр Бублик финалда рейтингіде 100-сатыдағы франциялық Артур Казомен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Финалға шыққан Бублик 165 рейтингтік ұпай мен 52890 еуро сыйақы алады. Сондай-ақ АТР рейтингінде әзірге 27-сатыға көтерілді. Финалда жеңіске жеткен жағдайда тағы үш саты жоғарылайды.