Албанияның Дельвин қаласында орман өрті салдарынан 3 адамды күйік шалып , ауыр жарақат алды.
Қауіпке байланысты аймақтан 2 мыңнан астам қауіпсіз жерге көшірілді. Қызыл жалынмен күресуге 60 әскер жіберілген. Қазір өрттің таралу деңгейі бәсеңдеді. Алайда, ондаған тұрғын үйге зақым келген. Апта басынан бері Балқан түбегіндегі Грекия және басқа елдерде орман өрті өршіген болатын. Мамандар оны күннің күрт ысуымен байланыстырады.