"Қазгидромет" РМК мамандары Алматы тұрғындары мен қонақтарына бүгін күтілетін қолайсыз метеорологиялық ахуалды ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы мәлімет гидрометорталықтың сайтында жарияланды.

"2025 жылғы 26 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қаласында күтіледі", делінген хабарламада.

"Қазгидрометтің" бұған дейінгі болжамдарына сәйкес 12 шілдеден бері Алматы қаласының ауа сапасы нашарлаған қалалар тізімінен түспей тұрғаны белгілі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін синоптиктер 26 шілдеде Астана мен Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.