Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Кентауда 3 қабатты сауда орталығы өртке оранды: оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр

Түркістан облысы Кентау қаласында үш қабатты сауда үйінен өрт шықты. ТЖМ хабарлауынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кентаудағы сауда орталығында өрт шыққаны туралы ақпарат ТЖМ Telegram-арнасында 24 шілдеде сағат 21:40-та жарияланған.

“Осы сәтте Түркістан облысының өрт сөндірушілері Кентау қаласы Аль Фараби көшесінде орналасқан 3 қабатты сауда орталығының шатырының өртін сөндіріп жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс жасап жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Өрті сөндіруге жеке құрамнан 18 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылған”, — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз