Қазақстанның барлық дерлік өңірінде 25 шілдеде күн күркіреп, қатты ыстық, шаңды дауыл мен екпінді жел болжанып отыр, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Орталық және солтүстік өңірлерде найзағай мен дауыл басым
Астанада найзағай, 15-20 м/с екпінді жел, жоғары өрт қаупі.
Ақмола, СҚО, Қостанай облыстарында найзағай, бұршақ, дауыл, желдің екпіні 25 м/с-қа дейін. Жекелеген тұстарда тұман түседі, өрт қаупі жоғары болады.
Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында да найзағай күтіледі, +35…+36°C аптап ыстық пен жел болжанып отыр.
Оңтүстік пен батыста – аптап ыстық, шаңды дауыл және өрт қаупі.
Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында +38…+42°C-қа дейінгі аптап ыстық, шаңды дауыл мен жел күтіледі. Өрт қаупі – аса жоғары.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 3,5 мыңнан астам волонтёр заңгер, адвокат, нотариус тегін құқықтық көмек көрсетеді
Кызылорда, Атырау, БҚО, Маңғыстау өңірлерінде бұршақ, шаңды дауыл, найзағай мен желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.
Актауда, Кызылордада, Атырауда өрт қаупі ерекше жоғары.
Алматы мен Шымкентте +40°C-қа дейін аптап ыстық сақталады.