Прокурорлар судьядан Ғайни Алашбаеваны 8 жылға соттауды сұраған еді.

Бұл істе қылмысты ауырлататын жағдайлар болды. Ол – қылмыстың төтенше жағдай кезінде жасалғаны, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот үкімін іс бойынша төрағалық етуші судья Сабыржан Кәрімов оқыды. Осылайша, елдегі тағы бір атышулы сот отырысының нүктесі қойылды.

Бұған дейінгі өткен сот процестерінде айыпталушылардан тәркіленуі мүмкін дүние-мүліктер сөз болған еді.

Сонымен қатар, Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваның 3,5 миллиард теңгені қайда жұмсағаны да айтылды.

Жәбірленуші тараптың бірі айыпталушыларды танымал алаяқтарға да теңеді.