Ведомоство мәліметінше, Өзбекстан мен Қазақстан арасында киікті сақтау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға дайындық жүріп жатыр.

Меморандум жасау мәселелері мемлекетаралық санатқа жатады және тиісті деңгейде шешім қабылдауды талап етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Меморандум жобасы жұмыс тәртібімен Қазақстан тарапына ұсынылды және қазіргі уақытта қаралу сатысында тұр.

Осы мәселенің табиғатты қорғау маңыздылығын ескере отырып, меморандумның мазмұны екі елдің жауапты ғылыми мекемелері мен уәкілетті мемлекеттік органдарын тарта отырып, пысықтауды талап ететінін атап өткен жөн", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, өзбек тарапы Қазақстаннан шамамен 500 киік лағын алып, оны өз аумағына жерсіндіру бастамасын көтерген болатын.