Ал сарбаздар алдын ала медициналық тексеруден өтпейді.

Елімізде әскерге шақырылатын азаматтарды енді жасанды интеллект автоматты түрде іріктейді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Электрондық базаға енгізілген бозбалалардың туған жері, білімі, бойы, салмағы, отбасылық жағдайы сынды мәліметтер сарбаздың қандай әскер түріне жарайтынын анықтауға мүмкіндік бермек. Жаңа жоба тек әскерге шақырумен шектелмейді.

Енді әскери оқу орындарына құжат тапсыру, оқуын қайта жалғастыру сияқты қызметтер де eGov порталы арқылы онлайн түрде қолжетімді болмақ. Ал сарбаздар алдын ала медициналық тексеруден өтпейді. Оның орнына, қажет медициналық мәліметтер тиісті ақпараттық жүйелерден алынады. Демек, болашақ әскерге шақырылушылардың денсаулық жайлы деректері цифрлық базадан автоматты түрде жинақталып, арнайы комиссияға ұсынылады.

"Біз қазірдің өзінде кімнің әскерге шақырылатынын, кімнің шақырылмайтынын анықтауға мүмкіндік беретін электрондық жүйеде жұмыс істеп жатырмыз. Студенттер мен мүгедектігі бар адамдарды жеке тізімге шығарамыз. Енді біз бұл жұмысты тереңдетіп, бізде бар алғашқы мәліметтерге сүйеніп, оны қандай әскер түріне жіберуге болатынын анықтағымыз келеді. Демек, жүйе шақырылушыларды неғұрлым нақты және тиімді іріктейтін болады", – деді ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.